• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2018

Ақтауда мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» өтті

1097 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында І республикалық «Әбіш оқулары» байқауы өткізілді.

Байқау «Иллюстрациялық суреттер», «Мәнерлеп оқу», «Шығармашылық жұмыс», «Сахналық қойылым» атты төрт бағыт бойынша өтіп,   16 топта 160 оқушы қатысты.

Келесі күні байқаудың  қатысушыларына Ә.Кекілбаевтың туған жеріне,

оның ішінде Әбіш Кекілбаевтың анасының ескерткішіне зират етілді, Онды ауылының мәдениет үйінің әртістері театрландырылған Ә. Кекілбаевтың өмірінен қойылым көрсетті, Онды орта мектебіндегі Ә. Кекілбаев және Шетпе ауылындағы С. Қондыбаев атындағы мемориалдық мұражайларына, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне саяхат  жасалды.

14 сәуір күні М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жеңімпаздардың марапаттау рәсімі өтті.

Ә.Кекілбаевтың ұрпақтары және ақын, жазушы, драматург, сәулетші Сайын Назарбекұлы қатысқан командаларды құттықтап, марапаттады.

Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан «Сахналық қойылым» бағыты бойынша І орынды Ақтау қаласындағы Назарбаев  Зияткерлік мектебі, «Иллюстрациялық сурет салу» бағыты бойынша І орынды Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының  9-сынып оқушысы Есполова Назерке, «Зерделеу жоба» бағыты бойынша І-орын Жамбыл облысы Тараз қаласы Айша бибі атындағы Білім инновациялық лицейдің 10-сынып оқушысы Әбдіғалиқызы Маржан, «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша  І орын - Қызылорда облысы № 244 орта мектептің 8- сынып оқушысы Берікболұлы Айбек иеленді. Командалық орын бағыты бойынша І орынды  Жамбыл облысы тобы жеңіп алды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»